СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Тұлпар мүсіншесі

Артикул: Hrs-5-2025
124 900 ₸    Қоржынға KASPI

    • Жүйрік ат көшпенділер мәдениетінде ер жігіттің жеті қазынасының бірі саналады.
    • Желден жаралған, еркін әрі жылдам ол адамға жай ғана серік емес, оның жалғасы іспетті — болмысының бір бөлігі, жолының адал қорғаушысы болған. Қазақ дүниетанымында «Ат – жігіттің қанаты» деген терең мағыналы ұғым бар.
    • Ежелден келе жатқан сенім бойынша, болашақ батыр дүниеге келгенде, онымен бірге оның тұлпары да туады. Мифологиялық түсінікте мұндай тұлпар көктен түседі — тағдырдың сыйы, күш пен даралықтың белгісі. Ол қауіп-қатерді иесінен бұрын сезіп, жолын қорғап, алға жетелейді.
    • Осы киелі бейне Tulpar топтамасының дүниеге келіуіне негіз болды.
    • Мүсіншелер ішкі қуат пен асқақ мақсатқа құлаш ұрған қозғалысты бейнелейді. Олар кеңістікке сенімділік пен абырой энергиясын дарытып, жай ғана интерьер бұйымы емес, иесінің бекем беделінің символына айналады.
    • Tulpar топтамасындағы мүсіншелер — алдағы мақсатын айқын зерделеп, таңдаған жолынан таймайтын жандарға арналған.

Топтама Тұлпар
МатериалыПолистоун, алтын және "көне қола" түсті жабын.
Өлшемі335x85x215 мм
ҚаптамаСыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік