СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Qulager үстел сағаты

Артикул: TC1-KB-2025
126 000 ₸    Қоржынға KASPI

    • Даңқы қазақ даласын дүркіреткен жүйрік тұлпардың бірі – Құлагер. Ол әйгілі Ақан серінің тұлпары. Бәйгеде алдына жан салмаған, небір атақты сәйгүліктерді шаң қаптырған Құлагер тектілік пен жеңімпаздықтың символы іспетті, өз дәуірінің шынайы аңызы болды. Белгілі ақын Ілияс Жансүгіровтың халық арасында кең тараған «Құлагер» поэмасы қазақ әдебиетінің маржанына айналды. Өйткені ол адам мен тұлпардың ерекше байланысын паш ете отырып, адалдық пен рухты, шынайы сенім мен достықты жырлаған еді.
    • Дәл осы жыр Empire брендін Qulager үстел сағатын жасауға шабыттандырды.
    • Бұл бұйымда қозғалыс қуаты мен уақыттың мәні, мәдени мұраға деген құрмет пен заманауи эстетика үйлесім тапқан. Qulager сағаты әр сәттің қадірін сезінуге, өмір ырғағын ұстап, алға нық қадам басуға үндейді.
    • Qulager үстел сағаты — интерьердегі айқын акцент әрі мәні терең нышан, жетістік тарихын және уақытты ең басты құндылық деп білетін жандарға арналған мәртебелі сый.

Топтама Тұлпар
МатериалыПолистоун, "көне қола" түсті жабын, кварц механизмді сағат.
Өлшемі230x100x305 мм

Дүкендерде қолжетімділік