СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Aq manday панносы

Артикул: SilkHr-QG005BrR/FS
124 900 ₸    Қоржынға

    • Табиғаттың өзі ғана сыйлайтын ерекше белгілер болады. Солардың бірі - "ақ маңдай", яғни жылқының маңдайындағы ақ қасқа белгі. Қазақ танымында мұндай тұлпар әрі текті, әрі саналып, ерекше бағаланатын. Ақ маңдай белгісі сәттілік әкелетін, жүйріктің айрықша болмысын айқындайтын игі ырым ретінде қабылданған. Aq manday панносы осы бейнені қолмен және машинамен кестелеу тәсілдерін үйлестірген бірегей технология арқылы жібек жіптермен салынған нәзік кескіндеме арқылы жеткізеді. Кенептің ерекше безендірілген фоны, асыл ағаштан жасалған жақтауы және қоңыр ағаш пен шампань реңкті алтын түстің үйлесімі бұл панноны нағыз өнер туындысына айналдырады.
    • Aq manday панносы - TULPAR топтамасына кіретін көркем әрі айрықша туынды. Жүйрік ат көшпенділер үшін Жеті қазынаның бірі саналған. Желден жаралған тұлпар адамға жай ғана серік емес, оның жалғасы, өмір жолындағы адал қорғаушысы болған.
    • Осы киелі бейне TULPAR топтамасының өзегіне айналып, ішкі қуатты, тектілікті, еркін рух пен таңдаған жолға адалдықты бейнелейді.

Топтама Tulpar
Материалы Сурет: жібек жіптен кестеленген, 50% қолдан жасалған. Фон: дизайнерлік картон. Рама: алюминий Сыртқы жағы: MDF Рама түсі: шампан алтыны.
Өлшемі 85,2х85,2х5 см

Дүкендерде қолжетімділік