СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Jeti jorga панносы

Артикул: 26PnTlp3W2Br2Bl
129 900 ₸    Қоржынға

    • "Жеті жорға – жеті бақыт тілегі. Жорғаның жүрісінде – сән, болмысында – тектілік. Ұлы далада ерекше қадірленген жорғалар жүрісінің әсемдігімен, табиғи сымбатымен дараланған. Олардың бірқалыпты, ырғақты жүрісі мың бұралған биге ұқсап, тіпті алыс сапардың өзін жайлы да әсерлі саяхатқа айналдырған.
    • Мұндай тұлпарға ие болу үлкен мәртебе саналған. Жорғаны аса қадірлі қонақтарға сыйға тарту етіп ұзатылған қызға алтын-күміспен әшекейлеп, жасауына қосып берген. Бұл жай ғана бағалы сый емес, ерекше құрмет пен ілтипаттың, бақытты ғұмырға арналған ақ тілектің белгісі болған.
    • Jeti Jorga панносында жеті жорғаның көркем бейнесі терең мәнге ие. Қазақ дүниетанымында жеті саны ерекше қасиетті саналып, жеті ата, жеті қазына ұғымдары арқылы ұрпақ сабақтастығын, өмірдің толықтығын, бақ-береке мен молшылықты білдіреді.
    • Қолмен орындалған нәзік гравюра жеті жорғаның жеңіл жүрісі мен әсем қимылын шебер бейнелеп, олардың сымбатын айрықша көркем өнер туындысына айналдырады.
    • Jeti Jorga – қадірлі жанға лайық ерекше сый. Бақыт, бақ-дәулет пен асқақ армандарға бастар сәтті сапар тілегін жеткізетін жеті жорға."

Топтама Tulpar
Материалы алюминий, биік қадалы барқыт.
Өлшемі 70,3x90,3х3,5 см
Қаптама Сыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік