СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
Визитная карточка Казахстана с 2006 года

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. Визитная карточка Казахстана с 2006 года

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Ханшайым асхана сервизі

Артикул: DS-Swl47
856 000 ₸    Қоржынға KASPI

Топтама: Ханшайым
Материалы: Premium Porcelain кәрлені, алтын деколь, табиғи минералды бояулар.
Өлшемі: 6 адамға,50 дана.

"Ханшайым" сервизінде аспанның айшықты реңкіне шомылған күн сәулесі нұрлана жарқырайды. Ұлттық мәнердің бар байлығын бойына жиған шілтер, даңқ пен дәулеттің дерегін бір өзінің бойына сыйдырған ханшаның алтын тәжі дәуірлер даралығынан хабар беріп, тарих тағылымын дәріптейді. "Ханшайым" cәнді топтамасына зер салсаңыз, сөзсіз туындыны нағыз бекзада өнердің сұлтаны дерсіз. Асыл кәрлен мен тоқыма бұйымдар өзара сұлу жымыңдасып, иесінің биік болмысы мен жоғары талғампаздығын әйгілейді. Айшықты мерекеге мән мен сән үстеп, қуаныштың баға жетпес құнын қалыптайды. Топтамаға таңбаланған ұлттық ою-өрнек бедері тектілікке тамыр бойлатып, талғампаздық танытар күлгін-көк реңктермен кейіптеледі. Дастархан мен майлықтар, оған көрік берген жолақтар мен жиек орамалдар үстелдің көрнекілігін кейіптеп, мерекелік мәнердің шырайын ашады. Олар күн шапағына шомған топтаманы толықтырып, аса талғампаздықтан туған тұтас көріністің сұлу суретін сызады. Топтама Premium Porcelain кәрленінен дайындалған, алтын зермен астарланған және табиғи минералды бояуларымен әрленген. "Ханшайым" топтамасы сіздің кез келген тілек-талабыңызды тұтастырып, қуанышыңыздың сипатына сай мерекелік мәнер құруға мүмкіндік береді. Топтаманың әрбір бөлшегі өзіндік бірегейлікке ие әрі сый-cыяпат ретінде де аса бағалы. Ас үйге арналған жиынтық пен шай сервизі қонақ күту мәдениетінің мәйегіне айналып, сән-салтанатыңызды барлық тұрғыдан танытуда қауқарлы. Әйгілі Empire бренді ұсынған топтаманы сатып алу арқылы сіз өз шаңырағыңызға ұлттық сарын мен заман талабынан туған айрықша мәнер дарытасыз! "Ханшайымның" асыл тәжі сіздің патша көңіліңіздің салтанатын сәулеттендіріп, құтты қонағыңыздың көңіл сарайын ашады. Шаңырағыңыздан шаттық, дастарханыңыздан молшылық кетпесін! Асхана сервизіне кіреді: 205 мм жалпақ табақ - 6 дана, 235 мм сорпа табағы - 6 дана, 295 мм табақ - 6 дана, 230 мм сопақша табақ, 305 мл сопақша табақ, 355 мл сопақша табақ, 3000 мл сорпа ыдысы, 240 мм салат ыдысы, 155 мм табақша, 150 мм шыныаяқ, шөміш, тұз салғыш және бұрыш салғыш жинағы, 400 мл тұздық, 125 мм табақша - 6 дана, 240 мм табақ - 6 дана, сыйлық қаптама.

EMPIRE К ВАШИМ УСЛУГАМ
КОНСУЛЬТАЦИЯ
Получите индивидуальную помощь в подборе подарков от наших консультантов.

ПОДАРОЧНЫЙ СЕРТИФИКАТ
Подарите выбор лучшего подарка, на выбранную вами сумму.

УПАКОВКА EMPIRE
Ваш заказ будет элегантно представлен в фирменной упаковке EMPIRE. Если вы собираетесь преподнести его в подарок, добавьте личное сообщение или добавьте персонализацию.