EMPIRE OF GIFTS. 20 years of being the hallmark of Kazakhstan

Aidyn қол сағаты

Артикул: WW-AIDNSV
230 000 ₸    319 900 ₸ Қоржынға KASPI

    • AIDYN - Қазақстандағы алғашқы дайверлік сағат
    • AIDYN теңіз тұңғиығының тылсым сырын ашып, әлемнің биік шыңдарына өрлейтін жандарға мінсіз жарасады. AIDYN - қазақстандық брендтің белсенді демалыс пен терең суға сүңгуге арнайы жасалған алғашқы сағаты. Жоғары төзімді материалдар мен премиум сапалы жинақтау оны су түбіндегі қатты қысымға төтеп беретіндей мықты берік етеді, ал циферблатты айнала орналасқан жарық шашатын айналмалы безель сүңгу кезінде оттегінің қорын дәл есептеуге мүмкіндік береді.
    • Модельдің дизайны уақыттан тыс саяхатқа ұқсайды. Ультразаманауи концепция дәстүрлі этностильмен үйлесім тауып, айрықша көрік береді. Циферблат қазақтың қорғаныш мәні бар дәстүрлі оюымен көмкерілген. Ежелгі "түйе табан" өрнегі төрт тараптың тепе-теңдігін ұстана отырып, көшпенділер дүниетанымында ұзақ сапардың сәттілігі мен күнделікті әр қадамның берекелі жолын сипаттайды.
    • AIDYN - әлемнің биіктеріне құлаш ұрған, шоқтығы биік жандарға тамаша сыйлық.

Топтама Айдын
МатериалыСағат механизмі: механикалық, автомат, SEIKO NH35A (24 тас). Уақыт дәлдігі: тәулігіне -25…+35 сек. Қуат қоры: 41 сағат. Қалыбы: 316L тот баспас болаты. Әйнегі: сапфир. Суға шыдамдылығы: 10 АТМ. Бауы тот баспас болаттан жасалған. Таралымы шектеул.
ӨлшеміКорпусының диаметрі: 43 мм. Бауының ені: 22 мм.
ҚаптамаСыйлық қорабы: лакталған ағаш.

Дүкендерде қолжетімділік