Қазақ халқының тарихында үлкен із қалдырған тұлғалардың бірі Әбілқайыр хан. Ол 17 жасында ақ қазақ жасағы басшыларының бірі болып тағайындалып, кейіннен Кіші жүз ханы болып сайланған еді. Тарих беттеріне батыр да ұлтжанды саясаткер, ержүрек қолбасшы әрі дарынды дипломат болып енген тұлға. Әсіресе оның Жоңғар шапқыншылығы кезінде жасаған ерліктері мен ел бостандығы үшін батыл соғысқаны, ата-бабалары билеген Түркістан, Сайрам және Таш-кент қалаларын қорғауда ерекше ерлік пен терең ой көрсеткені ел есінде. Батыс пен шығыстың шын мақсаттарын ескере отырып, Қазақ хандығының абыройын сақтай білген.