СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Zheti qazyna мүсіншесі

Артикул: PE10161AA
154 900 ₸    Қоржынға KASPI

    • Қуаныш сыйлап қана қоймай, кетпейтін бақ, кемімейтін дәулет тілегіне айналатын сыйлықтар болады. Zheti qazyna мүсіншесінің мәні де дәл осында.
    • Жеті қазына - Ұлы дала философиясында адам өміріндегі ең қастерлі жеті құндылықты бейнелейтін терең ұғымдардың бірі. Ғасырлар бойы ол көшпенділердің өмірлік ұстанымына айналып, шынайы құндылықтардың өлшемін айқындады. Ер азамат - ар-намыс пен жауапкершіліктің, әйел - ұрпақ жалғастығы мен шаңырақ жылуының, жылқы - еркіндіктің, бүркіт - рухтың асқақтығы мен биікке ұмтылыстың, ит - адалдықтың, қару - жақындарды қорғаудың, ал білім - даналық пен ұрпақ сабақтастығының белгісі.
    • Zheti qazyna мүсіншесі - интерьерге арналған сәнді бұйым ғана емес. Ол ұлттық мұраға деген құрметтің көрінісі әрі адамға ең асыл құндылықтарды: берік отбасы, рухани күш, даналық пен бақ-береке тілеудің ізгі нышаны.

Топтама Tulpar
Материалы Полистоун, түрлі-түсті эмаль, қолмен боялған.
Өлшемі 250мм х 205мм х 305мм
Қаптама Сыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік