СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Сүрмерген панносы

article: Smrgn-3341B2602/KZ
84 900 ₸    Себет

Түстері

    • "Қорамсапқа қол салып, қозы жаурын оқ алып" садақ тарту мәдениеті - күллі түркі жұртына тән киелі дәстүр. Аталмыш мәдениеттен сыр шерткен белгілі суретші Ералы Оспанұлының шығармасындағы сүрмерген - көздеген нысанынан қағыс кетпейтін дала жауынгері, қыран көзді қаһарман. Халқымыз қиян-кескі ұрыстарда садақшы жасақтардың құрамына ерекше мән берген.
    • Оларды маңдай шептің алдына қойып, түменбасы сайлаған, төбесіне көтерген. Біздің ұлттық дүниетанымыздағы нағыз батыр - бес қаруы сай азамат.
    • Бұл үдеден шыққан "Сүрмерген" туындысындағы алмас қылыш, болат қалқан, күміс дулығалы ер-азамат - ұлттың мақтаны. Себебі садақшы қашаннан да биік мәдениет пен дала заңына бас ұрған азамат.

жинақ Халық рухы
материал Полистоун, қолмен боялған, киізге басылған сурет.
өлшем 50х50 cм. Суреттің диаметрі: 200 мм.
орау Сыйлық қаптама.

Дүкенде қолжетімділік