Қарлығаш орамалының негізінде жатқан сюжет керемет жайлы энергияға толы, бұл оның иегерінің бүкіл образына оң әсер етері анық. Қарлығаш орамалы айналасындағы адамдардың назарына ілігуден қорықпайтын жарқын, жігерлі әйелдерге лайық.
Қарлығаш - әлемдегі көптеген халықтар үшін ең сүйікті құстың бірі. Қазақтар оны "пейіштің құсы", яғни жанатты мекендейтін құс деп атайды және оның Құран сүрелерін тамылжытып сайрайтынына сенімді. Күннің шуағымен шағылысып, қалықтай ұшып, өз қанатында сәттілікті, жаңарту мен бақытты арқалаған құстар адамдарға көктемнің алғашқы хабаршысы қызметін атқарған. Оған қоса, қарлығаштар ауызбірлігі жарасып, мейірім мен махаббат қоныстаған үйге ғана ұя салады екен.
Осы бір таңғажайып жібек орамал 100% жоғары сапалы итальян жібегінен орындалған. Ол Италиядағы әлемге танымал Комо фабрикасында өндірілген, оның өнімі ең керемет сән үйлерінің подиумдарында жарқырайды.