СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Aq zhal панносы

article: SilkHr-QC014Wt/FS
129 000 ₸    Себет

    • Ертеде қазақ халқы ақ боз атты кие тұтқан, тазалықтың, тектіліктің нышаны ретінде ерекше қастерлеген. Оны кенеттен кездестіру игі белгі, құт-береке мен бақытты тағдырдың жаршысы деп санайтын. Aq zhal панносы осы бейнені қолмен және машинамен кестелеу тәсілдерін үйлестірген бірегей технология арқылы жібек жіптермен әсем өрнектеп жеткізеді. Ағаш жақтау, дизайнерлік астар және қоңыр ағаш пен шампань реңкті алтын түстің талғампаз үйлесімі бұл панноны нағыз өнер туындысына айналдырады.
    • Aq zhal панносы - TULPAR топтамасына кіретін көркем әрі айрықша туынды. Жүйрік ат көшпенділер үшін Жеті қазынаның бірі саналған. Желден жаралған тұлпар адамға жай ғана серік емес, оның жалғасы, өмір жолындағы адал қорғаушысы болған. Осы киелі бейне TULPAR топтамасының өзегіне айналып, ішкі қуатты, тектілікті, еркін рух пен таңдаған жолға адалдықты бейнелейді.

жинақ Tulpar
материал Жібек жіптермен қолмен кестелеу, ағаш жақтау
өлшем 88,8х88,8х4,7 см
орау Жөнелту қаптамасы.

Дүкенде қолжетімділік