СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Akbozat орамалы

Артикул: S-Akbzt-Gr
29 900 ₸    Қоржынға

Түстері

    • Жібектің шынайы әсемдігі қозғалған кезінде әдемі ашылады. Ол жеңіл толқып, жарқырап, бетіндегі әрбір өрнекке жан бітіргендей әсер қалдырады. Оның нәзік иірімінен еркіндік сезіледі - дәл жүйрік тұлпардың жалында ойнаған самал желдей.
    • Akbozat топтамасы Ұлы даланың еркіндігі, күші мен тектілігінің нышанына айналған тұлпар бейнесінен шабыт алған. Тұлпар ат атам заманнан ақ көшпенділер өмірінде айрықша орын алады: ол жолсерік қана емес, қозғалыстың, қуаттың және ішкі күштің көрінісі болып саналады.
    • Топтама дизайны жылқы бейнелері мен ат әбзелдерінің сәндік элементтерінен шабыт алып жасалған. Өрнектің жеңіл әрі айшықты иректері қозғалғандай әсер беріп, дала дәстүрлерінің сұлулығы мен серпінін әдемі жеткізеді.
    • Akbozat жібек орамалы кез келген образдың көркін толықтырып, иесінің дара болмысын айқындайды. Сонымен қатар ол заманауи дизайн тілі арқылы қазақ мәдениетінің бай мұрасын танытатын мағынасы терең, есте қаларлық сыйлық бола алады.

Топтама Ақбозат
Материалы Жібек, вискоза
Өлшемі 90х90 см.
Қаптама Сыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік