СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Altyn saigulik мүсіншесі

Артикул: St-HorseRd31
284 900 ₸    Қоржынға KASPI

Түстері

    • Сайгүлік - қазақ мәдениетінде жүйріктігімен, еркіндігімен және ұлы жеңістерге жетелейтін болмысымен дараланған асыл тұқымды тұлпардың атауы.
    • Altyn saigulik мүсіншесі - TULPAR топтамасына кіретін бұйымдардың көркем әрі айрықша үлгісі, кез келген кеңістікке салтанат пен айрықша реңк беретін өнер туындысы. Қола мүсіннің жаңғақ ағашынан жасалған тұғырға жез қондырмамен бекітілуі оның айбындылығын күшейтіп, шеберлік деңгейін айқын көрсетеді. Таңдалған материалдар, үйлесімді пішін және әр бөлшекке берілген мұқият назар бұл бұйымның ерекше сыйлық екенін аңғартады.
    • Жүйрік ат көшпенділер үшін Жеті қазынаның бірі саналған. Қазақ дәстүрінде желден жаралған тұлпар, еркін әрі жылдам, ол адамға жай ғана серік емес, оның жалғасы іспетті - болмысының бір бөлігі, жолының адал қорғаушысы болған. Осы киелі бейнеден шабыт алып жасалған TULPAR топтамасы ішкі қуаттың, тектіліктің, мақсатқа ұмтылыстың және таңдаған жолына адалдықтың әдемі символы.

Топтама Tulpar
Материалы конь - бронза , вставка на пьедестале - латунь, пьедестал - дерево грецкого ореха.
Өлшемі 280 х 160 х 310 мм
Қаптама Сыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік