EMPIRE OF GIFTS.
20 years of being the hallmark of Kazakhstan

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Жібек Жолы шай жұбы (2 кісіге)

Артикул: TP-BubSW
39 900 ₸    Қоржынға KASPI

"Әрбір ішкен бір шыны шай дәріханашының қалтасын қағады" (Қытай мақалы). Ұлы Жібек жолын "шай жолы" деп те атауға болады. Өйткені баяғыдан Үндістан мен Қытайдан созылған керуендер жібектен, дәмдеуіштер мен кәрленнен басқа шай да тасыған. Дәл осы керуен жолдарының арқасында Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы ежелгі қалалар ірі сауда орталықтарына айналған. Бұл шайға арналған шыны-аяқ жұбы Нелли Бубэмен авторласа отырып әзірленген. Суреттегі бейнелер керемет әрі тартымды керуен жолын сипаттайды. Олар айшылық алыс жолдар, тіршіліктің тылсымы жоқ, ысқырық жел ескен дала туралы әңгімелейді. Күн астында қақталған шөл далалар, биік таулар мен бетегесі жайқалған жазиралар. Қола-алтын түсті нақышта орындалған шыны-аяқтан ішкен шайда еріксіз ащылау, бірақ сергіткіш дала шөбінің дәмі мен иісі аңқып тұрады. Жоғары сұрыпты Bone China сүйек кәрленінен орындалған нәзік біркелкі нысандар мен толық түсті баспа бұл ыдысқа ерекше рең береді. Табақшаның тура ортасында қазақтың қаисетті шаңырағы бейнеленген. Жібек жолы жиынтығына кіретін шайға арнаған шыны-аяқ жұбын өз балаларыңызға сыйға тарта отырып, сіз оларды өз ұрпағыңыз, яғни отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүрді жалғастырушы ретінде мойындаймын деп ниет етесіз.

Топтама Жібек Жолы
МатериалыFine Bone China кәрлені, алтын деколь

Дүкендерде қолжетімділік