EMPIRE OF GIFTS. 20 years of being the hallmark of Kazakhstan

Жәннат ағашы панносы

Артикул: PrdTrCrm/KZ
33 600 ₸    42 000 ₸ Қоржынға KASPI

    • Бұл бірегей композицияның астарында дүниенің құрылымын сипаттайтын ежелгі философиялық ұғым жатыр. Композицияның көзге түсер басты элементі - гүлденген жеміс ағашы әлемнің үш деңгейлік құрылымынын көрсетеді: ағаштың тамыры жер астында (төменгі әлем), діңгегі - адамзат өмір сүретін ортаңғы әлемді, ал көкке қарай жайылып өскен бұтақтары - аруахтар мен періштелер мекендейтін Жоғарғы әлемді сипаттайды.
    • Панноның әрбір элементінде терең мағына жатыр. Бүршік атқан ағаштың бұтақтары мен әсем гүлдер жаратылыстың ерекше көркемдігін, ал толып піскен жемістер өмірдің байлығын тұспалдайды. Композицияның дәл ортасындағы өрнек Күнді сипаттайды, ал оның жеті шапағы - жеті аспан денелерін: Ай, Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурнды тұспалдайды.
    • Жәннат ағашы панносын EMPIRE шеберлері керемет ыждағаттылықпен, дәстүрімізге деген ерекше сүйіспеншілікпен жасады. Шебер түсірілген өрнектер, алтын деколь және түстер үйлесімділігі панноға жарқыраған көлем беріп, оны интерьердің сәнін келтіретін бұйымға айналдырады. Бұл жай ғана декор емес, молшылық, әл-ауқат және рухани үйлесімділіктің символы. Панно үйіңізге жылулық пен ежелгі даналықтың қуатын сыйлайды.

МатериалыКерамика, түрлі-түсті эмаль, алтын деколь.
Өлшемі500*500 мм.
ҚаптамаСыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік

Ұсыныстар