СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Ошақ басында суретінің репродукциясы (Нелли Бубэ)

Артикул: Uochaga_3360-1313T/KZ
19 920 ₸    24 900 ₸ Қоржынға KASPI

    • Суреттер үй ішін безендіріп беріп қана қоймай, үй ішіне ерекше атмосфера беріп, эмоциялық фон қалыптастырады, жағымды энергиямен толтырады. Танымал қазақстандық суретшілердің шығармаларының репродукциялары кез келген үй-жайға жайлылық пен бірегей ерекшелік әкеледі.
    • "Ошақ басында" - Нелли Бубэ суретінің репродукциясы. Өз шығармасында суретші отбасы мен амандық деген мәңгілік әрі мызғымас тақырыпқа жүгінген. Қазақ мәдениетінде ошақ - үйдің киелі орталығы, ал ондағы от - отбасының жасампаз күші. Оны өшіруге болмайды - біздің ата-бабаларымыз үшін жалынның басылуы отбасының өмірінің аяқталуын білдіретін.
    • Сурет Нелли Бубэ ең сүйікті бояулар үйлесімінде - қазақтардың көшпелі өмірінің ерекшелігін көрсететін қола-алтын реңктерде жасалған. Костюмдер мен тұрмыстық ыдыстардың барлық бөлшектері тарихи дәлдікпен мұқият жеткізілген.
    • Репродукция ас үйдің немесе асхананың интерьерін безендіруге өте қолайлы және сіздің үйіңізге жайлылық пен амандық әкеледі, отбасында сүйіспеншілікті сақтайды және үлкендерді құрметтеуді көрсетеді.
    • Кескін кенепте толық түсті басып шығару технологиясы бойынша жасалған және жоғары сапалы қолдан жасалған сурет багетімен жақтаушаланған.

Топтама Ошақ басында
МатериалыКенепке басылған түрлі-түсті сурет.
Өлшемі380х380мм
ҚаптамаСыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік