СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Хамса панносы

Артикул: HMSS-GE111-731-B/KZ
79 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Топтама: Хамса
    Материалы: полистоун, алтын және күміс түспен көмкерілген, тас, түрлі-түсті эмаль, киізге басылған сурет.
    Өлшемі: 390х460 мм

    "Тұмарлар" жиынтығы осы бір көркемдік деңгейі жоғары туынды арқылы тамыры терең тарихпен, дүлей күштерден қорғауға арналған тұмарлармен таныстыру мақсатында құрылған. Осындай бұйымдардың бірі - "Хамса" панносы. Хамса - ғасырлар бойы көптеген мәдениеттің шырағына айналып, ерекше қасиетке, қуатты күшке ие болған Тұмар. Ежелгі Египет, Рим, Месопотамия, Шумер-Вавилон өркениетінің мифологиясында орын алған хамса бүгінгі күні әлемнің ең ірі үш діні: иудаизм, христиан және исламда мейірім нышаны саналады. Әсіресе исламда "Фатиманың қолы" ретінде танылып, көптің танымында биік бағаға ие асыл мұра. Алақанның жылуы, қамқорлық пен мейірім Отбасының берекесін сақтауға, айналаңа айрықша мейірім төгуге үндейді. Әсіресе, әйел болмысын ажарландырып, "ана" атауының кіршіксіз тазалығын танытады. Ер-азаматқа тән рухты қажыр-қайратқа қарағанда әйел болмысына тән жылы, жұмсақ, шуақты ауан сыйлайтын "Хамса" тіл-көзден сақтап, бақыт пен береке шақыратын, бақ-дәулетіңіз бен мейманаңызды таcытатын құдіретті күшке ие. Офисте немесе үйде орналасқан осындай панно өз иегерін сұқ көзден, қара ниетті сиқыр мен дуадан қорғайды, көре алмаушылардың көзінен тасалап, сәттілік пен бақ-дәулет алып келеді, аурудан емдейді, сый-құрмет пен махаббатқа бөлейді.