EMPIRE OF GIFTS. 20 years of being the hallmark of Kazakhstan

Arqar саптыаяғы

Артикул: Mug-ORN11
6 800 ₸    Қоржынға KASPI

Түстері

    • Оюдың әр иірімі сұлулық, әр нақышы шабыт сыйлайды.
    • OYU топтамасы қазақ ою-өрнегінің ғасырлар қойнауынан жеткен көркемдігін заманауи нақышта жаңғыртады. Айшықты өрнектер, үйлесім тапқан пішіндер мен терең мағыналы нышандар күнделікті қолданыстағы қарапайым бұйымды интерьердің сәнін келтіретін, иесінің дара талғамын танытатын ерекше туындыға айналдырады.
    • Топтаманың негізінде комбинаторика өнерінің шебері, суретші Нұрбұлан Өтепбаевтың шығармалары жатыр. Бұл күрделі өнер мінсіз геометриялық дәлдікті, түстер үйлесімін терең сезінуді және өрнек пен оның айналасындағы кеңістікті шебер ұштастыруды талап етеді. Бірін-бірі айнадай қайталаған өрнек пен фон өзара үндесіп, пішіндердің мінсіз жарасымын тудырады.
    • OYU саптыаяқтар жарқын топтамасында өзіндік мәні мен айтар сыры бар бес ерекше өрнек ұсынылған:
    • Oyu - қазақ ою-өрнегінің көз тартар көркемдігі.
    • Torsyq - қонақжайлық пен молшылықтың нышаны.
    • Arqar - еркіндік пен өр рухтың белгісі.
    • Bota - мейірім мен қамқорлықтың белгісі.
    • Bereke - байлық пен бақ-береке ақ тілегі.
    • Бес өрнек, бес түрлі болмыс, бес ізгі тілек.
    • EMPIRE ұсынған OYU - заманауи сипатта жаңғырған асыл мұра.

Топтама OYU
Материалы Керамика, резеңкеленген жұмсақ Soft Touch жабыны, қақпағы силиконнан жасалған.
Өлшемі Биіктігі: 13,5 см, Ені: 9 см, Тереңдігі: 6 см, Көлемі: 400 мл
Қаптама Сыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік