Панно танымал суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ағымсалы Дүзелхановтың шығармасы желісінде жасалған.
"Халқымыздың бірегей батырлық жыр-дастанының қаһарманы Ер Тарғынның есімі қайсарлық пен күш-қуаттың, ерлік пен өрліктің нышанына айналғалы қашан.
Батырлық дастанының желісіне үңілсеңіз, Тарғын қасық қаны қалғанша елін шабуға келген басбұзарлармен айқасады, халқын хандықтар арасындағы қиян-кескі қайшылықтарды бірге тоқтатып, берекелі ғұмыр кешуге үгіттейді. Мұнымен қоса, жыр-дастанның сипаты бес қаруы сай Ер Тарғын мен үріп ауызға қалғандай көрікті де дана Ақ Жүністің тұнық сезімі төңірегінде өрбіген. Бір сөзбен айтқанда, теңдессіз жыр баяны батырдың туған елі мен жеріне деген шексіз махаббатын сипаттап қана қоймай, көңіліңізге қуаныш ұялатып, санаңызға серпіліс сыйлайды."