Қазақ халқының ұлттық құндылығы саналатын Жеті қазынаның ең бірінішісі - Ер жігіт. Ол жай айтылған сөз емес. Ұл бала - шаңырақтың иесі, ұрпақ жалғасы, бабалар дәстүрін сақтаушы. Отбасында жақсы тәлім-тәрбие алған бала, есейе келе жеке басының қамын емес, елінің жағдайын ойлайтын, жау жапса - жерін қорғаушы, дау-дамайда елінің намысын қорғаушы болып өседі. Қарындастың ары үшін, ағайынның қамы үшін күн-түн демей ат үстінде жүретін азаматын елі де сыйлайды, жыр-дастанға қосып, абыройын асқақтатады.
Қиындықтан қашпайтын,
Жамандыққа баспайтын,
Елінің қамын ойлаған,
Азамат болып қалғайсың!
Қатарыңның алды бол!
Жау жасқанар батыр бол!
Намысты қолдан бермейтін,
Еліңнің туы болғайсың!
Панно танымал суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ағымсалы Дүзелхановтың шығармасы желісінде жасалған.