Репродукцияны жасауға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Ағымсалы Дүзелхановтың туындысы негіз болды.
Суретші картинасында қазақ халқының дүниетанымының негізгі постулаттарының бірін көрсетеді. Жеті қазына әр адамның, әр отбасының, әр халықтың өмірі мен тіршілігіндегі ең маңызды болып табылады.
Картинаның ортасында еркек пен әйел - бақытты отбасын құру және ұрпақ жалғастыру үшін басты екі қазына. Жандарында жүйрік ат, аңшы бүркіті, тазы тұқымды адал ит пен қару-жарақ (мылтық). Бұл төрт қазына адамның азық тауып, өзін және отбасын қорғауы үшін қажет. Ал оны ақылмен, тиімді басқару, өмірден дұрыс өтіп, дұрыс шешім қабылдау үшін жан-жақты білім қажет. Бұл енді жетінші қазына. Ағымсалы Дүзелханов білімді суреттің артқы жағындағы қазақтың киелі ою-өрнегімен безендірілген мойшақтар мен байрақтар және ердің қолындағы кітап арқылы көрсетті.
Терең философиялық мағынаға толы картина жас отбасына сыйлық ретінде қолайлы және кез келген интерьерді көріктендіреді. Өйткені, осы жеті қазынаға ие болсаңыз, онда өміріңіз толыққанды және бақытты болады.