EMPIRE Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ағымсалы Дүзелхановтың графикасы негізінде жасалған керемет музыкалық мүсіндер жиынтығын ұсынады. Желіге өзінің болашағы жайлы арманға бөленген қазақ қызының бейнесі желеу болды. Бірде қыз өзін қалыңдықтың киімінде, бірде жұбайының үйінің табылдырыған аттаған келіншектің киімінде, бірде шәй ұсынып отырған сол үйдің ақжарқын бәйбішесі киімінде елестетеді. Өзінің армандары іспетті ашық түстерге боялған киімі керемет безендірілген. Әр бейненің егжей-тегжейлі ойластырылған бөлшегі - киім үлгісінің асқан сән-салтанаты мен нәзіктілігі - һас шеберлікпен орындалғанын нақтылай түседі. Музыкалық құрылғының әсем әуенімен үйлескен әр қимыл ерекше әсерлікке баурап, нәзік қыз жүргінде ұялаған ғажайып сырды баяндайды.