СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Tau Almaty сусындарға арналған жиынтық

Артикул: DS-Almaty
39 900 ₸    Қоржынға KASPI

    • Алматы – асқақ Іле Алатауының баурайында бой түзеген, өзіндік келбеті мен ерекше болмысы бар қала. Мұнда ақ қарға оранған тау шыңдары қала келбетіне айрықша көрік беріп, табиғаттың сұлулығы мен ұлылығын паш етеді.
    • Осы бір айбынды көрініс Tau Almaty жиынтығының жасалуына арқау болды. Бұл – көркі мен келбеті асқар таулармен астасқан Алматыға арналған көркем арнау.
    • Жиынтықтың басты ерекшелігі – стақан түбінде шыныдан шебер жасалған тау шыңының бедері. Сусын құйылған сәтте тау бедері тереңдік пен көлемге ие болып, жарықтың ғажайып құбылысымен көз тартады.
    • Жиынтықты тот баспайтын болаттан жасалған, бетіне әсем нақышпен әріптер бедерленген сусын салқындатқыш металл текшелер толықтырады. Әр текшедегі әріптер бірігіп, Almaty QZ атауын құрайды. Бұл – асқақ таулардың баурайында орналасқан қала туралы жүрекке жылы естеліктерді сақтайтын шағын ғана сырлы жолдау іспетті.
    • Tau Almaty – жаңа армандарға шабыт беретін биіктік. Алматының айбынды таулары мен әсем табиғатынан шабыт алған ерекше сыйлық.

Топтама Almaty
Материалы Стакандар: шыны. Қысқыштар мен текшелер: тот баспайтын болат.
Өлшемі Шыны: биіктігі 10 см, ені 8 см, 260 мл; қысқыш: 12,5 см; куб: 2,5 x 2,5 x 2,5 см.
Қаптама Сыйлық қаптама.

Жиынтық құрамы
4 стақан. Қосалқы құралдар: 8 текше, 1 тілше.

Дүкендерде қолжетімділік

Топтама

Almaty

Almaty - cүйікті Алматыға деген махаббат сезімі. Мың бояулы әсем қаланы аралап, серуендегенмен бірдей.

Посмотреть