Қазақтар үшін ақ түс қашан да тазалықтың, пәктіктің белгісі саналған. Сонымен қатар "Ақ" - аналық символы. Міне, сондықтан да көп балалы ананы құрметтеп "Ақ жаулық" деп атаймыз. Белгілі суретші Нелли Бубэнің шығармасында көшпенді әйел өмірінің екі кезеңі суреттелген. Жас әйел - жаңа отау құрған, жас келіннің образы. Суретте ол кесеге ақ сусын құйып отыр, бұл оның үй шарусымен айналысып қана қоймай, ең бастысы, дүниеге жаңа өмір - нәресте әкелуін, соның арқасында айналасына шынайы бақыт пен аналық махаббатын таратуын меңзейді... Ал қасындағы егде кісі - әжей - өмірідің қыр-сырын таныған, өз білгенін жастарға үйретуге дайын. Қолындағы кесенің толы болуы да оның ұзақ жылдар бойы жинаған мол тәжірибесін сипаттайды.
Репродукция жаңадан шаңырақ құрған жас келін үшін таптырмас сыйлыққа айналып, асүйдің немесе қонақ үйдің интерьеріне сән беретіні сөзсіз.